Назарбаев Рио Олимпиадасының «алтынын» жеңіп алған қазақстандықтарды құттықтады

Фотография - Назарбаев Рио Олимпиадасының «алтынын» жеңіп алған қазақстандықтарды құттықтады

Фото: ©Арман Мухатов

Қазақстан Президенті спортшылар аттарына құттықтау телеграммаларын жолдады.

849 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық чемпиондарды Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы жеңістерімен  құттықтады, деп хабарлайды Today.kz. Мемлекет басшысы Нижат Рахимовты жарыстарды жеңіп алған алғашқы алтын медальмен құттықтады.

 «Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын сайыста мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі.

Елбасы жүзуден ұтып алған алтын жүлдесімен Дмитрий Баландинді де құттықтады.  «Сенің жарқын жеңісің қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль – сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшының келешекте жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

 Дмитрий Баландиннің медалі Қазақстан құрамасының Рио-де-Жанейрода алған екінші алтын жүлдесі болды. Алғашқысын 77 кг. дейінгі салмақта жарысқан ауыр атлет Нижат Рахимов ұтып алды. Ел құрамасының қоржынында 7 медаль: екі "алтын", дзюдошы Елдоса Сметов пен  ауыр атлет Жазира Жаппарқұл жеңіп алған екі «күміс», сондай-ақ, дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах пен ауыр атлеттер Фархад Харки мен Карина Горичева алған үш «қола».

 Қазақстан құрамасы Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиадалық ойындарың бесінші күнгі қорытындылары бойынша жүлде санынан 11 орынға шықты.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!