Олимпиада ойындары - 2016. Қазақстандық спортшылар кестесі - алтыншы күн

Фотография - Олимпиада ойындары - 2016. Қазақстандық спортшылар кестесі - алтыншы күн

көрнекі сурет

Ойындардың алтыншы күнінде қазақстандық спортшылар спорттың үш түрінен жарысқа шығады.

456 0


Қазақстандық спортшылардың бүгін, 11 тамызда қатысатын жарыстары сағат 18:00-де, Елизавета Корольдің 50 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен үш қалыптан атуға шыққанда басталмақ, деп хабарлайды Today.kz.

Содан кейін, 19:49-да, "Кариока Арена 2" спорт кешеніндегі татамиге дзюдошы Максим Раков шығады. Ол 100 кг. Дейінгі салмақтағы финалдың 1/16 сатысында эстондық Григорий Минашкинмен белдеседі.

 Төрт бірдей қазақстандық былғары қолғап шебері жарысқа түседі. Түнгі 2:30-да 56 кг. дейінгі салмақта Қайрат Ералиев әзірбайжандық Джавид Чалабиевпен финалдың 1/16 сатысында, 3:15-те 64 кг. дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов британдық Пэт Маккормакпен қолғап түйістіреді.

Таңғы 4:15-те, 69 кг. дейінгі салмақтағы доданың 1/8 сатысында  Данияр Елеусінов тағы бір ұлыбританиялық қарсылас — Джош Келлимен, ал 4:45-те 81 кг дейінгі салмақта Әділбек Ниязымбетов беларус Михаил Долголевецпен турнирдің ширек финалына шығу үшін күреседі.

 Естеріңізге саламыз, Олимпиаданың бесінші күнінен кейін Қазақстан құрамасы медаль есебінен 11 орынға шыққан болатын. Дмитрий Баландиннің медалі Қазақстан құрамасының Рио-де-Жанейрода алған екінші алтын жүлдесі болды. Алғашқысын 77 кг. дейінгі салмақта жарысқан ауыр атлет Нижат Рахимов ұтып алды. Ел құрамасының қоржынында 7 медаль: екі "алтын", дзюдошы Елдоса Сметов пен  ауыр атлет Жазира Жаппарқұл жеңіп алған екі «күміс», сондай-ақ, дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах пен ауыр атлеттер Фархад Харки мен Карина Горичева алған үш «қола» бар.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!