Ақкөлдегі бассейн кешеніне Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі берілді

Фотография - Ақкөлдегі бассейн кешеніне Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі берілді

Фото: AFP©

Бұл ой Ақмола облысының Ақкөл ауданы жастарына келген.

919 0


Ақкөлдегі бассейн кешені Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімімен аталатын болды, деп хабарлайды Today.kz, 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

 "Бұл ой ақкөлдік жастарға келген. Олар спортшының фан-клубын ұйымдастырып та үлгерді. Жастардың айтуынша, бұл су спортының дамуындағы игі қадам, қаланың жас тұрғындарының суда жүзу спортына баулып, қызығушылықтарын арттырады. Баландиннің жеңісі жасөспірім жүзгіштерді қанаттандырды ", - делінген материалда.

 10 жасар Даниил Анушкевич Дмитрий Баландиннің жеңісі өте қуантқандардың қатарында. Жас спортшы брасс және кроль стильдерін меңгеріп жүр. Ол келешекте Қазақстан үшін талай медальдар жеңіп алатынына сенімді.  Әзірше оның жүлде қорында алты медаль жиналды.  

 "Мен жүзумен бассейн ашылған күннен бастап шұғылдандым. Бұл жеңіс мені қанаттандырып отыр. Менің де Олимпиада жеңімпазы болғым келеді. Мен жеті жасымнан жүзіп жүрмін. Бұл спорт түрі өте ұнайды", - деп, ойымен бөлісті Даниил.

 Ақкөл ауданында жалғыз бассейн бар. Күделікті мұнда жүзге тарта адам келеді. Бір жарым жылда алтыжүзден астам бала жүзуді үйренген.  Олардың отыз шақтысы республикалық жарыстарда Ақмола облысының намысын қорғап жүр.

 "Бұл ой кенеттен пайда болды.  Дмитрий Баландиннің үлгісі Қазақстанда бұл спорт түрін дамытуға жаңа серпіліс беруі тиіс.  Дмитрий Қазақстанға оралғанда, оны әуежайда фан-клубымызбен қарсы алып, Ақкөлге шақырмақ ойымыз бар", - деді «Орнықты даму» Жер қорының басшысы Алан Бесен.

 Естеріңізге саламыз, 11 тамыз күні қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Рио Олимпиадасының жеңімпазы атанды. Брасс стилімен 200 метр қашықтыққа жүзудің ақтық сайысында ол 2:07.46 ең үздік уақыт көрсетіп, сенсациялық жеңіске ие болды. Дмирий тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жүзуден олимпиаданың жеңімпазы атанған  тұңғыш спортшы. Ол Марко Кох пен и Кевин Кордес сынды саңлақтардан озып шықты. ҚР жүзуден мемлекеттік бапкері Айдар Қартпаев спортшының «алтын» иеленуіне жеткізген стратегия жайлы баяндады. Today.kz тілшісіне берген сұхбатында чемпионның ағасы отбасының үйде отырып, спортшыға қалайша жанкүйер болғандығы туралы әңгімеледі.  

Бүгінгі күні Қазақстан құрамасының қорында 7 медаль: Нижат Рахимов (ауыр атлетика) пен Дмитрий Баландиннің (жүзу) ұтқан екі «алтыны», Елдос Сметов (дзю-до) пен Жазира Жаппарқұлдың (ауыр атлетика) «күмістері» және Отгонцецег Галбадрахтың (дзю-до), Фархад Харкидің, Карина Горичеваның (екеуі де – ауыр атлетика) «қолалары».

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!