Олимпиада ойындары - 2016. Қазақстандық спортшылар кестесі - жетінші күн

Фотография - Олимпиада ойындары - 2016. Қазақстандық спортшылар кестесі - жетінші күн

Көрнекі фото

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жетінші күнінде қазақстандық спортшылар 4 спорт түрі бойынша өтетін сайстарға түседі.

710 0


Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жетінші күнінің жарыстары кестесін ұсынамыз. 12 тамызда ел құрамасының мүшелері төрт спорт түрі бойынша жарысқа түседі, деп хабарлайды Today.kz. Қазақстандық жанкүйерлер ауыр атлетика жарыстарында 85 кг. дейінгі салмақта шеберлігін көрсететін Денис Улановтан медаль күтеді.   

 04:00 – Ауыр атлетика. 85 кг дейінгі салмақ. Денис Уланов. Тікелей эфир ("Қазақстан" ұлттық арнасы).

 Академиялық қайық есу:

 17:30 – Бір кісілік қайық, ерлер.  F финалының жарысына Владислав Яковлев қатысады.

 18:00 - Бір кісілік қайық, әйелдер. Е финалының стартына теміртаулық Светлана Германович қатысады.

 18:00 – Винтовкадан жатып ату, 50 метр, ерлер. Қазақстан атынан Юрий Юрков қатысады.

 22:30 - Бокс. Шаршы алаңға Жәнібек Әлімханұлы 75 килограммға дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыстардың ширек финалына шығу үшін алжирлік Ілияс Аббадиге қарсы шығады. Тікелей эфир ("Қазақстан")

 Жеңіл атлетика:

 18:30 – Квалификациялық іріктеудің «А» тобында диск лақтыру жарыстарына Евгений Лабутов шығады. Тікелей эфир («KazSport»)

 23:30 – 20 километр қашықтыққа жүруден медаль үшін Георгий Шейко күреспек.

 07:40 – Әйелдер арасында 100 метр қашықтыққа жүгіру жарыстарының алғашқы раундтарына біздің Ольга Сафронова, Римма Кашафутдинова және Виктория Зябкина қатысады.

 Олимпиаданың алтыншы күні құрама командамыздың қоржынына жаңа жүлделер қосылған жоқ.  Олимпиада командалары арасында медаль есебінен Қазақстан кұрамасы 12 орында келеді.

 Естеріңізге саламыз, Қазақстан құрамасының қорында 7 медаль бар: Нижат Рахимов (ауыр атлетика) пен Дмитрий Баландиннің (жүзу) ұтқан екі «алтыны», Елдос Сметов (дзю-до) пен Жазира Жаппарқұлдың (ауыр атлетика) «күмістері» және Отгонцецег Галбадрахтың (дзю-до), Фархад Харкидің, Карина Горичеваның (екеуі де – ауыр атлетика) «қолалары». 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!