Ольга Рыпакова Риодағы олимпиададан «қола» жүлде алды

Фотография - Ольга Рыпакова Риодағы олимпиададан «қола» жүлде алды

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Оның ең үздік нәтижесі - 14,74 метр.

737 0


Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова қатарынан үш рет секіруден «қола» медаль жеңіп алды,-деп хабарлайды Today.kz.

Бірінші әрекеттен кейін қазақстандық спортшы бірден үздік нәтиже көрсеткен болатын. Алайда, кейін ол екінші, үшінші орындарға ығысты. Оның ең үздік нәтижесі - 14,74 метр.

Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында сегіз медаль: екі «алтын» - ауыр атлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин, екі «күміс» - дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, сонымен қатар төрт «қола» -  дзюдошы Отгонцецег Галбадрах, ауыр атлеттер Фархад Харки мен Карина Горичева. Медальдік есеп бойынша, Қазақстан 16-шы орында. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!