Дмитрий Баландин: Қазақстан намысын қорғау мен үшін үлкен абырой

Фотография - Дмитрий Баландин: Қазақстан намысын қорғау мен үшін үлкен абырой

Фото: today.kz

Жанкүйерлер Риодағы Олимпиада чемпионын Алматы әуежайында қарсы алды.

915 0

Жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Риодан Алматыға оралды,-деп хабарлайды Today.kz. Жанкүйерлер олипиадалық жұлдызды әуежайда  қарсы алды. Спортшы көрсетілген қолдау үшін  қазақстандықтарға алғыс айтып, өзінің жарыста алған әсерімен бөлісті.

«Таблоға менің есімім жеңімпаз ретінде жазылғаннан кейін басымда түрлі ойлар болды. Мен не болып жатқанын бірден түсінген жоқпын. Қателік кеткен шығар деп ойладым. Жеңісіме сене алмадым. Тек біраз уақыттан кейін ғана өзімді жеңімпаз сезіндім. Сіздерге осындай сыйлық жасағаным үшін кеудемді ерекше мақтаныш сезімі билейді. Анам үнемі маған сеніп, қолдау көрсететін. Мен әйтеуір бір медаль алатыныма сендім, бірақ «алтын» болады деп ойламадым. Мені қолдап, сенім білдірген адамдарға алғысым шексіз. Мен үшін осындай Ұлы елдің намысын қорғап, Қазақстан туын асқақтату үлкен абырой. Біздің елдегі спорттың дамуын қолдап отырған Елбасына үлкен рахмет»,-деді чемпион.

Фото: today.kz

Фото -

Фото:today.kz

Спортшы жеңіс үшін күніне төрт рет – таңертен екі рет, кешке екі рет шыныққанын айтты.

«Аптасына он жаттығу. Келесі жарыстар туралы әлі ештеңе жоспарлаған емеспіз. Менің қарсыластарым – керемет адамдар. Менің досым ресейлік Антон Чупков үшінші орын алды. Осындай мықтылармен жарысқанда өзіңді де мықты сезінесің», - деп Баландин ойымен бөлісті.

Чемпиондарды қарсы алғандар қатарында Алматы әкімі Бауыржан Байбек те болды. Ол чемпионның жеңісіне бүкіл ел қуанып жатқанын, ал Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері үшін спортшының жеңісі айдан анық болғанын, өйткені олар Баландиннің бұған дейінгі жеңістеріне куә болғанын айтты.

«Мен Дмитрийдің ата-анасына алғыс айтамын. Ұлдарыңыз көрікті, Сізге тартқан. Дмитрийдің анасы Олимпиадаға еш қобалжусыз аттанғанын, ал әкесі осы Алматыда уайымдап қалғанын айтты. Мұнда оның ағасы Алексей, әжесі, тәтесі, әпкесі де келді. Бұл жеңіс алдымен сіздердікі. Елі енді Дмитрийді қолдайды. Оның өмірі алда, сондықтан оның әлі талай қуаныштарын бөлісеміз. Әке-шешесіне үнемі бірге болуларыңызды және Дмитрий өзін қолдайтын жанына серік тапсын деп тілеймін», - деді әкім.

Фото -

Фото:today.kz

Баландиннің жаттықтырушысы Алексей Казаков та қазақстандықтарға алғысын айтты.  Ол да Қазақстан туы өзге елдердің туынан биік тұрып, әнұран ойнаған кезде бойын ерекше мақтаныш сезімі билегенін айтты.

Олимпиада чемпионының анасы да қуанышын жасырмады. Ол Дмитрийдің жеңісінен кейін өзі жатқан қонақ үйдің теледидарын сүйіп, жасын төккенін айтты.

«Мен Олимпиадаға кіретін билетті соңғы жарыс алдында жоғалтып алғандықтан, қонақ үйде қалдым. Қатты қобалжыдым, бірақ кейін оның жақсылыққа сезілгенін түсіндім. Оның үстіне, менің қобалжуым Дмитрийге әсер етеуі мүмкін деп қорықтым. Мен оны ағылшын тіліне, сурет өнеріне де баулыдым. Бірақ, ол жузуді таңдады. Қазір бұл таңдаудың дұрыс екенін түсіндім. Балам орнын тапты. Баласын қолдау – әр ата-ананың міндеті. Ол алғаш рет мақтау қағазын алған кезде, ең болмаса, шоколадтан жасалған медаль болмады деп ренжіген еді. Енді, міне, Олимпиада медалі бар. Мен өз ұлыммен мақтанам. Менің отбасым қарапайым, Дмитрий де қарапайым. Бұдан біз де, Дмитрий де асып-тасып кетпейміз», - деді Татьяна Баландина.

  Фото -

Фото - PreviousNext

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың оны күні қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарының «алтын» медалін сенсациялық түрде жеңіп алды. 200 метрлік қашықтықты кеудемен жүзуден Баландин 2:07,46 минутта өтіп, жүзуден Қазақстанның алғашқы Олимпиада чемпионы атанды.

Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында сегіз медаль: екі «алтын» - ауыр атлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин, екі «күміс» - дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, сонымен қатар төрт «қола» -  дзюдошы Отгонцецег Галбадрах, ауыр атлеттер Фархад Харки мен Карина Горичева. Медальдік есеп бойынша, Қазақстан 16-шы орында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!