Василий Левит Қазақстанға Рио Олимпиадасының тоғыншы медалін әкелді

Фотография - Василий Левит Қазақстанға Рио Олимпиадасының тоғыншы медалін әкелді

Фото: ©Content Buro

Василий Левит ақтық сайыста ресейлік Евгений Тищенкодан жеңіліп қалды.

552 0


91 кг салмақ дәрежесінде сайысқан қазақстандық боксер Василий Левит Рио Олимпиадасы ойындарының күміс медалін алды, - деп хабарлайды Sports.kz.

Финалда Василий Левит  ресейлік Евгений Тищенкодан төрешілердің біразуыз шешімі 0:3 (28:29, 28:29, 28:29) бойынша жеңілді. Үшінші раундта жекпе-жек Тищенкоға медициналық көмектің көрсетілуіне байланысты тоқтатылған болатын. Алайда, қайта жаңартылған ойын кезінде Левит қарсыласына бірнеше қайтара соққы бергенмен, судьялар жеңісті Тищенконың пайдасына есептеді. Көрермендер ысқырықпен бұл шешімге қарсылықтарын білдірді, -деп жазады Vesti.kz.

Фото - Фото - Фото - Фото -

Василий Левиттің медалі Қазақстан қоржынындағы осымен тоғызыншы. Осыған дейін отандық спортшылар екі «алтын» (ауыр атлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин), екі «күміс» (дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Жазира Жаппарқұл),  сонымен қатар төрт «жеңіл атлет» ( Ольга Рыпакова, дзюдошы Отгонцецег Галбадрах, ауыр атлет Фархад Харки мен Карина Горичева).  

Медальдік есеп бойынша Қазақстан 15-ші орында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!