Левит Тищенкомен өткізген даулы жекпе-жегі туралы пікірімен бөлісті

Фотография - Левит Тищенкомен өткізген даулы жекпе-жегі туралы пікірімен бөлісті

Фото: ©Ізтұрған Алдауев

Қазақстандық спортшы өзінің жеңгеніне сенімді болғанын айтады.

727 0


Қазақстандық боксшы өзінің Олимпиада ойындарындағы ақтық сайысы туралы пікірімен бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Левит ресейлік Евгений Тищенкодан судьялардың бірауыздан қабылдаған шешімі 0:3 (28:29, 28:29, 28:29) бойынша ұтылды. Алайда,  залдағы көрермендер келіспеушіліктерін ысқырық арқылы шешім шыққан кезде де, марапаттау рәсімі кезінде де білдірді.

«Судьялар менің жеңбегенімді сезінгендей болды. Өзге боксышылар сияқты мен де мұнда «алтын» алам деп келдім. Соңғы қадам қалған кезде шегініс жасадым.  Сайыстағы міндетімді толық атқарған жоқпын деп есептеймін», - деді Левит. Ол жанкүйерлерден тыныштық сақтауды өзге бокшыларды сыйлағандықтан сұрағанын айтты. «Рингқа шыққан қай боксшы болмасын сыйлауға лайықты жандар. Жағдайдың бұлай болып өзгергені олардың кінәсі емес», - деді қазақстандық боксшы. «Жаттықтырушылар менің техникалық күресіме риза. Дегенмен, соңы осылай болып қалды», - деген ол қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, сөзін қорытындылады.

Тищенконың өзі де төрешілік әділ болмауы мүмкін екенін жасырмады. «Маған ол үшін сөгіс арту дұрыс емес. Мен жекпе-жектің қалай өткенін,  сыртынан қалай көрінгенін білмеймін. Дегенмен, мен өзімнің жеңісіме қуаныштымын. Бірақ, Василий Левитке қатысты әділетсіздік орын алса, мен үшін өкінішті. Қазақстан құрама командасы мен жанкүйерлері үшін өкінішті. Қайталап айтам, мен сайысты сырттан көрмегендіктен, ештеңе айта алмайтын»,-деді ол.

Таяуда қазақстандық боксшылар Олжас Саттыбаев пен Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты әділетсіздік болғаны туралы айтылған еді. «Сіздерден бірден екі жеңісті тартылып алынды»,-деді Ресей командасының жаттықтырушысы Эдуард Кравцов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!