Ауыр атлет Александр Зайчиков Риодағы Олимпиаданың «қола» медаліне ие болды

Фотография - Ауыр атлет Александр Зайчиков Риодағы Олимпиаданың «қола» медаліне ие болды

Фото: wfrk.kz, архив

Оның медалі Қазақстан қоржынындағы 10-ыншы медаль.

382 0

105 кг салмақ дәрежесіндегі қазақстандық ауыр атлет Александр Зайчиков Риодағы Олимпиада ойындарының «қола» жүлдесін алды,-деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлем чемпионы Зайчиков өзінің барлық мүмкіндіктерін (алдымен жұлқи көтеруден 185 килограмм, кейін 190, ал соңғы әрекетте 193 килограмм) сәтті қолданды. Нәтижесінде бір килограммға (194 килограмм) артық көтерген Өзбекстан спортшылары - Иван Ефремов пен Руслан Нумрудиновтен ұтылып қалды.

Серпе көтеруден штангышы 223 килограммға тапсырыс беріп, оны да сәтті көтерді. Нурудинов 225-тен бастап, ол да әрекетін сәтті орындады. Ал, екінші әрекетте қазақстандық спортшы 227 килограмм штангыны көтере алмады. Дегенмен, үшінші әрекетте ол мұны, өзіне қиын болса да, көтерді. Алайда, судьялар бұл әрекетті алдымен есепке алғанмен, кейін шешімдерін өзгертті. Сөйтіп, серпе көтеруде тек 223 килограмм есепке алынды.

Қорытынды бойынша Зайчиков 416 килограмм жинап, Руслан Нурудинов Олимпиада чемпионы атанды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!