Василий Левитке олипиадалық «алтын» медальдің құны төленеді

Фотография - Василий Левитке олипиадалық «алтын» медальдің құны төленеді

Фото ашық ақпарат көздерінен алынған

Қазақстан бокс федерациясы әлемдік сарапшылардың Левитке берген жоғары бағасына шынымен лайық деп санайды.

811 0


Василий Левитке олипиадалық "алтын" медальдің құны 250 мың доллар төленеді.  Яғни, «күміс» медаль үшін кепілді 150 мың долларды мемлекет аударады, сонымен қатар Қазақстан бокс федерациясы тағы жүз мың доллар үстінен қосады, - деп хабарлайды Today.kz ҚБФ-на сілтеме жасап.

«Василий Левит олимпиада ойыны кезінде керемет нәтиже мен жеңіске деген ерекше құлшынысын көрсетті. Оған «күміс» медаль» үшін мемлекет есебінен 150 мың доллар төленуі тиіс болғанмен, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Кулибаевтың шешімімен тағы 100 мың доллар төленеді. Сөйтіп, оның алатын сыйақысы «алтынға» лайық болады», - Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федерацияда Левитті жеңісімен құттықтап, қазақстандықтар мен жаттықтырушылардың сенімін толық ақтағаны, сонымен қатар оған беріліп жатқан әлемдік сарапшылардың жоғары бағасына Левиттің шын мәнінде лайық екені аталып өтті.

«AIBA ережесі бойынша судьялардың шешімі қайта қарастырылмайды. Біз, Халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі ретінде, тәртіпке бағынуымыз керек. Қазақстан бокс федерациясы да судьялардың шешімін сыйлайды», - деп қорытындылады баспасөз қызметі.

Естеріңізге салайық, 91 килограмм салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Василий Левит тамыздың он бесі күні Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының «күміс» медалін жеңіп алды. Левит судьялардың бір ауыздан қабылдаған шешімімен 0:3 (28:29, 28:29, 28:29) Тищенкодан ұтылып қалды. Алайда, залдағы көрермендер ысқырып шешім жарияланған кезде де, марапаттау кезінде де бұған наразылық танытқан еді. Василий Левит көрермендерді ымдап сабырға шақырды. Кейін ол өзінің даулы жекпе-жегі туралы пікірімен бөлісті.

Евгений Тищенко шешімнің әділ болмауы мүмкін екендігін өзі де айтып, көрермендердің наразылығына өкінішін білдірді.

Бұдан соң, Риода журналистік дау туды. Баспасөз маслихаты кезінде «Хабар» телеарнасы тілшісі Асхат Ниязовтың Тищенкоға судьялардың шешіміне қатысты қойған сауалы ресейлік тілшілердің наразылығын тудырған еді.  

Қазақстан қоржынында қазір он медаль. Отандық спортшылар екі «алтын», (ауыр атлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин), үш «күміс» (дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл мен боксшы Василий Левит), бес «қола» (жеңіл атлет Ольга Рыпакова, дзюдошы Отгонцецег Галбадрах, ауыр атлеты Фархад Харки, Карина Горичева және Александр Зайчиков) алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!