Левитті жеңген ресейлік боксшы Тищенко Путиннің оққағары болып шықты

Фотография - Левитті жеңген ресейлік боксшы Тищенко Путиннің оққағары болып шықты

Фото: today.kz

Евгений Тищенко президенттік күзетте қызмет істейді. Олипиада ойындарынан кейін ол қайта қатарға қосылады.

568 0


Рио Олимпиадасында «алтын» жеңіп алған ресейлік боксшы Евгений Тищенко президент күзетінің қызметкері болып шықты. Ол Ресейдің Федералдық күзет қызметінің (ФКҚ) атынан өнер көрсеткен,-деп хабарлайды Today.kz "Дни.ру" сайтына сілтеме жасап.

Федералдық қызметтегілер оны спортшы ретінде дамыту жұмыстарымен ІІМ айналысқанын айтады. Бұдан кейін ол әскерге аттанған, кейін ФКҚ оны жұмысқа шақырған.

«Бірақ, ол өзінің қайда жұмыс істеп жатқанын түсінбеген шығар, сондықтан ол Бразилияда өзін полиция қызметкерімін деп таныстырды. Олимпиада ойындарынан кейін ол ФКҚ-ндегі жұмысына қайта аралады. Ал, жұмысы біткеннен кейін немен айналысатынын – бізде қала ма, жоқ па, оны өзі шешеді»,- деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Ол Тищенконың бокспен бесінші сыныптан бастап айналысқанын айтты. Мектеп жасында ол Оңтүстік Федералды округтің біріншілігінде жүлдегер атанған.

Естеріңізге салайық, 91 килограмм салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Василий Левит тамыздың он бесі күні Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының «күміс» медалін жеңіп алды. Левит судьялардың бір ауыздан қабылдаған шешімімен 0:3 (28:29, 28:29, 28:29) Тищенкодан ұтылып қалды. Алайда, залдағы көрермендер ысқырып шешім жарияланған кезде де, марапаттау кезінде де бұған наразылық танытқан еді. Василий Левит көрермендерді ымдап сабырға шақырды. Кейін ол өзінің даулы жекпе-жегі туралы пікірімен бөлісті. Дегенмен, Қазақстан Бокс Федерациясы оған «күміс» медаль үшін мемлекет тарапынан берілетін 150 мың доллар көлеміндегі сыйақысына қосымша 100 мың доллар төленетінін мәлімдеді. Сөйтіп, оның алатын сыйақысы «алтын» медальге (250 мың доллар) лайық болмақ.  

Евгений Тищенко шешімнің әділ болмауы мүмкін екендігін өзі де айтып, көрермендердің наразылығына өкінішін білдірді.

Бұдан соң, Риода журналистік дау туды. Баспасөз маслихаты кезінде «Хабар» телеарнасы тілшісі Асхат Ниязовтың Тищенкоға судьялардың шешіміне қатысты қойған сауалы ресейлік тілшілердің наразылығын тудырған еді. 

Қазақстан қоржынында қазір он медаль. Отандық спортшылар екі «алтын», (ауыр атлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин), үш «күміс» (дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл мен боксшы Василий Левит), бес «қола» (жеңіл атлет Ольга Рыпакова, дзюдошы Отгонцецег Галбадрах, ауыр атлеты Фархад Харки, Карина Горичева және Александр Зайчиков) алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!