AIBA Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы даудан соң, судьяларды қызметтен босатты

Фотография - AIBA Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы даудан соң, судьяларды қызметтен босатты

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Аталған ұйым ресми мәлімдеме жасады.

1402 1

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) 2016 жылғы Олимпиада ойындарында болған даудан кейін ресми мәлімдеме таратты,-деп хабарлайды Today.kz, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Риода өткен 239 жекпе-жекті сараптап шыққан соң, ұйым «кейбір шешімдер тиісті деңгейде болмады» деген қорытынды жасады. Қателіктерге жол берген судьялар мен төрешілер 2016-Олимпиада ойындарының соңына дейін қызметтен босатылды. Алайда, жекпе-жектер қорытындысы өзгертілмеді.

Ал, қай жекпе-жекте қателіктерге жол берілгені, оның ішінде Василий Левит - Евгений Тищенко жекпе-жегіне қатысты қандай да бір шешім қабылданатыны туралы айтылмаған.

Естеріңізге салайық, қазақстандық Василий Левит судьялардың бір ауыздан қабылдаған шешімі 0:3 (28:29, 28:29, 28:29) бойынша жеңілді. Алайда, залдағы көрермендер ресейлік боксердің жеңісіне наразылық танытқан еді. Олимпиада чемпионы залдың мұндай реакциясына өкініш білдірген болатын.

Осы жекпе-жекке қатысты дау әлеуметтік желіде өршіп кетті. Қазір #левитчемпион деген хэштег күн артқан сайын белгілі болып барады.

"Советский спорт" газетінің «Евгений Тищенкоға көрсетілген наразылық әділ ме?» деген сауалнамасы нәтижесі, ресейліктердің өзі оның жеңісіне сенбейтінін көрсетті.

Ал, Василий Левит өзінің жекпе-жегіне қатысты пікірімен бөліскен кезде жұртшылықты ресейлік боксшыны сыйлауға шақырды. 



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Абдiр 19 там. 2016

AIBA торешилерин тек жумыстан босатпай катан турде жазалау керек ешкандай адилдик жок коптеген боксшилеримиз осынын кесiрiнен жарыс жолынан шыгып калды бас торага отырып адiлдiкти айтпады бул не деген коргенсiздик калай ол AIBA-нын торагасы болады осыдан кейiн маскара

Жауап беру