Алматының базары өртеніп жатыр

Фотография - Алматының базары өртеніп жатыр

Фото: today.kz

Өрт қоймалардан шықты.

396 0

Алматының базары өртеніп жатыр,-деп хабарлайды Today.kz. Оның өртке оранғаны туралы ақпаратты ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті растап отыр.

Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, «Олжа» базарында жанып жатқан жердің аумағы мың шаршы метрге жеткен.

«Алдын ала алынған мәліметтерге сенсек, жанып жатқан базар қоймалары», - дейді ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 27 сәуірі күні Алматыдағы киім сататын ең бірі "Адем" сауда үйінде өрт шыққан.

Ал, 2013 жылы "Олжа", "Құлагер", "Аян", "Алатау-2" және басқа да базарлар бірінен кейін бірі өртенді. Ол кезде бұған қасақана  өрт қою, электр құрылғылардың қауіпсіздігі сақталмауы деген сияқты түрлі жағдайлар себеп болғаны айтылғантын. Дегенмен, барлық базарлардың қожайындары өрт қауіпсізігі ережелерін өрескел бұзған деп айыпталған еді.  Бұдан соң, біраз сауда нүктелері сауда үйлеріне көшкен болатын.

Наурызда Алматы басшылығы базарды толығымен сырып тастайтынын туралы мәлімдеді. Оның орнына заман талабына сай 15 сауда кешенін салынатынын айтқан. Қала сәулеті және құрылысы басқармасы ғимараттар сеймикалық жағдайға төзімді, бастысы, санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болады деген. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!