Риодағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары Астанаға оралды

Фотография - Риодағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары Астанаға  оралды

Фото: today.kz

Василий Левит, Гюзель Манюрова мен Данияр Елеусіновке Астана әкімі Әсет Исекешев джиптардың кілттерін табыстады.

2233 0

Астанаға Рио-де-Жанейро Олимпиадасы ойындарының жеңімпаздары мен орын алған ойыншылары оралды. Әуежайда 25 тамызға қараған түні спортшыларды жүздеген адам қарсы алды. Бразилиядан Қазақстанға  Данияр Елеусінов, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Гюзель Манюрова, Екатерина Ларионова, Эльмира Сыздықова, Дариға Шәкімова мен ойынға қатысқан өзге де спортшылар  келді, - деп хабарлайды Today.kz.

Олипиада ойыншыларын қарсы алу кезінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев медаль алған спортшыларға алғыс айтып, жүлде алған барлық атлеттер пәтерге ие болатынын мәлімдеді. Ал, Василий Левит, Данияр Елеусінов пен Гюзель Манюроваға қымбат көліктердің кілтін табыстады. Оларды әуежай тұрағында үш Toyota Land Cruiser күтіп тұрған болатын.

«Бүкіл ел сендер үшін жанкүйер болды. Сендер намысты қолдан бермей, 22-орын алып, сенімді ақтадыңдар. Мен сендерді, сендердің жаттықтырушыларыңды осы жеңістеріңмен құттықтаймын. Ең бастысы, сендер еліміздің болашақ чемпиондары – кішкентай отандастарымыздың жүрегінде спортқа деген сүйіспеншілікті ояттыңдар!» - деді Әсет Исекешев.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

 Фото: РИА Bestnews.kzФото: РИА Bestnews.kz

Қазақстанның Олимпиада құрамасы медальдік есеп бойынша (17 медаль) 22 орын алды. Отандық спортшылар үш «алтын» ( ауыр атлет Нижат Рахимов, жүзуші Дмитрий Баландин, боксшы Данияр Елеусінов), бес «күміс» (дзюдошы Елдос Сметов,  ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, боксшы Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов, палуан Гюзель Манюрова), сонымен бірге тоғыз «қола» (жеңіл атлет Ольга Рыпакова, дзюдошы Отгонцецег Галбадрах,  ауыр атлеттер Фархад Харки, Карина Горичева мен Александр Зайчиков, палуаандар Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова, боксшы Иван Дычко мен Дариға Шәкімова) алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!