Рио Олимпиадасының жүлдегері Эльмира Сыздықова Қарағандыға оралды

Фотография - Рио Олимпиадасының жүлдегері Эльмира Сыздықова Қарағандыға оралды

Фото: today.kz

Риодағы Олимпиада ойындарынан медальмен оралған жалғыз қарағандылық спортшы

606 0

 Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарының қола медаль иегері,  әйелдер күресінен халықаралық деңгейдегі спорт шебері  Эльмира Сыздықова Қарағандыға оралды, - деп хабарлайды Today.kz. Бразилиядан медальмен оралған жалғыз қарағандылық спортшыны жерлестері ерекше қарсы алды. Алдымен, Эльмира Сыздықова отырған кабриолет бастаған автошеру қаланы аралап шықты да, Қарағанды облыстық мәдениет және спорт басқармасы мекемесінің алдына тоқтады. Ол жерде спортшыны жанкүйерлері күтіп тұрған еді.

«Мен Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жүлдегері болғаным үшін бақыттымын, –  деп Эльмира Сыздықова өзінің сайыс кезінде алған әсерімен бөлісті, – Алдымен, мен өз отбасыма, ата-анама маған көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтамын. Мені жаттықтырған Владислав Сутормин ғана емес, өзге де жаттықтырушылар, психологтар мен дәрігерлердің арқасында мен үлкен нәтижеге қол жеткіздім», -деп Эльмира Сыздыкова барлық олимпиада құрамасына да алғыс айтты.

«Асылбек Дейсебаев басқарып отырған Қарағанды облыстық грек-рим, еркін, және әйелдер күресі Федерациясына да алғысым шексіз. Медаль алуыма осы аймақта жасалып жатқан тиісті шаралар мен спортшыларға жасалған жағдай себеп болды», - мәлімдеді спортшы.

Ол бұдан кейін 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында бұдан да биік нәтиже көрсетуге тырысатынын айтты. Ал, өз кезегінде Қарағанды облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының атқарушы директоры Нұрғазы Жарылғапов Эльмираның жетістігі көптеген жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

 Фото - Фото - Фото - Фото -

PreviousNext

 Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы Эльмира Сыздықова  әйелдер арасындағы күрестен қола медаль алды. 69 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде мысырлық Энас Мостафа Юссеф Ахмедпен кездесті. Ол ақтық ойынға жұбаныш белдесу арқылы шығып, ресейлік Наталья Воробьевадан жеңілді де, ал моңғол қызы Насанбурнаа Очирбатты жеңді.

Тамыздың 19 күні қола медаль иегеріне Қарағандыдан бір бөлмелі пәтер сыйға тартылғаны белгілі болды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!