Швейцарияда Ольга Рыпакова үш рет секіріп түсуден «күміс» жеңіп алды

Фотография - Швейцарияда Ольга Рыпакова үш рет секіріп түсуден «күміс» жеңіп алды

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Лозаннада жеңіл атлетикадан «Гаухар лигасы» турнирінің 11 кезеңі өтті.

277 0

Жеңіл атлет Ольга Рыпакова Швейцариядағы Лозанна қаласындағы «Гаухар лига» ойындарының 11 кезеңінде «күміс» жеңіп алды,-деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстандық Ольга Рыпакова үш рет секіріп түсу сайысынан колумбиялық Катерин Ибаргуэнге ғана жол беріп, күміс медаль жеңіп алды», - деп жазады портал.

Лозаннада қайта жаңғырған жеңіл атлетикадан «Гаухар лигасы» турнирінде спортшылар мынадай нәтиже көрсетті: Катерин Ибаргуэн (Колумбия) — 14.76, Ольга Рыпакова (Қазақстан) — 14.53, Параскеви Папахристу (Греция) — 14.18.

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында қола медаль алған Ольга Рыпакованың «Гаухар лигасы» дайындалып жатқаны туралы 18 тамызда белгілі болды.

Естеріңізге салайық, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Риодағы Олимпиада ойындарының «қола» жүлдегері болды.  Оның ең үздік көрсеткіші – 14.74 метр. Колумбиялық Катрин Ибаргуэн 15.17 метр көрсеткіші арқылы олипиада чемпионы атанды. Венесуэлалық Юлимар Рохас 14.98 метрге секіріп, екінші орын алды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!