Назарбаев – Баландиннің жеңісінен кейін көптеген баланың жүзуге құлшынысы артады

Фотография - Назарбаев – Баландиннің жеңісінен кейін көптеген баланың жүзуге құлшынысы артады

Фото: ©Арман Мұқатов

Қазақстан Президенті жүзушінің еңбегін аса бағалады.

525 0


Астанадағы орталық концерт залында Олимпиада-2016 ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне қошемет көрсетілді, - деп хабарлайды Today.kz.  Қазақстан Президенті ойын жеңімпаздарын құттықтап, чемпиондар мен жүлдегерлердің қолын алып алғыс айтты. Сонымен бірге, Дмитрий Баландиннің жеңісінен кейін көптеген қазақстандықтардың жүзуге деген құлшынысы оянатынын атап өтті.

«Еліміздің тарихында алғаш рет жүзуші Дмитрий Баландин «алтын» алды. Мен енді көптеген бала жүзумен айналысады деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жүзуші Дмитрий Баландин, боксшылар Василий Левит, Иван Дычко, Әділбек Ниязымбетов пен Дариға Шәкімова, ауыр атлеттер Нижат Рахимов, Жазира Жаппарқұл, Фархад Харки мен Карина Горичева, палуандар Гюзель Манюрова, Екатерина Ларионова мен Эльмира Сыздықова, дзюдошылар Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг, құрама капитаны, Данияр Елеусіновпен бірге «Қазақстан» концерт залы сахнасында мемлекеттің басшыларынан құттықтау қабылдады.

Қазақстанның Олимпиада құрамасы медальдік есеп бойынша (17 медаль) 22 орын алды. Отандық спортшылар үш «алтын» ( ауыр атлет Нижат Рахимов, жүзуші Дмитрий Баландин, боксшы Данияр Елеусінов), бес «күміс» (дзюдошы Елдос Сметов,  ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, боксшы Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов, палуан Гюзель Манюрова), сонымен бірге тоғыз «қола» (жеңіл атлет Ольга Рыпакова, дзюдошы Отгонцецег Галбадрах,  ауыр атлеттер Фархад Харки, Карина Горичева мен Александр Зайчиков, палуаандар Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова, боксшы Иван Дычко мен Дариға Шәкімова) алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!