Назарбаев Рио Олимпиадасының жеңімпаздарына мемлекеттік марапат табыстады

Фотография - Назарбаев Рио Олимпиадасының жеңімпаздарына мемлекеттік марапат табыстады

Фото: today.kz

Рио Олимпиадасының медаль иелері "Барыс", "Парасат" және "Құрмет" ордендерімен марапатталды

2919 0

ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан мемлекеттік марапат алды, - деп хабарлайды Today.kz.

«Қазақстанның олимпиадалық қоржыны, осы жылғы медальдармен қоса есептегенде, 69 медальге жетті. Біздің елде 1992   жылдан бері жазғы және қысқы олимпиаданың 19 чемпионы, 22 күміс, 28  қола медаль иесі бар», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.


Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Фото: today.kz

 II дәрежелі "Барыс" ордендерін Мемлекет басшысы қолынан ауыр атлет Нижат Рахимов, жүзуші Дмитрий Баландин, боксшылар Данияр Елеусінов, Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов алды.  "Парасат"орденін дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, боксшы Иван Дычко пен палуан Гюзель Манюрова алды. Дзюдошылар Отгонцэцэг Галбадрах, боксшы Дариға Шәкімова,  ауыр атлеттер Фархад Харки, Карина Горичева мен Александр Зайчиков, палуан Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионовалар «Құрмет» орденімен марапатталды.

Естеріңізге салайық, тамыздың 26 күні Нұрсұлтан Назарбаев Астанада олимпиада спортшыларын қошеметтеу барысында Дмитрий Баландиннің жеңісі көптеген баланың жүзуге деген құлшынысын арттыратынын атап өтті. Боксшылар Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левитті Мемлекет басшысы «алтын» жүлдегерлерге теңестірді. Сонымен бірге, Назарбаев Ольга Рыпакованың да қола медалі «алтынға» лайық деп атап өтті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!