Жазира Жаппарқұл олимпиадалық сыйақысын немере сіңлісін емдеуге жұмсамақ

Фотография - Жазира Жаппарқұл олимпиадалық сыйақысын немере сіңлісін емдеуге жұмсамақ

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Спортшы сіңлісіне көмектесу үшін олимпиадалық жүлде алуды мақсат еткен.

744 0

Риодағы Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл сыйақысын сал ауруына шалдыққан 11 жасар немере сіңлісін емдеуге жұмсамақ,-деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Спортшы жеңіске жетуді сіңілісіне көмектесу үшін мақсат етіп қойған. 

 Бұған дейін ғаламторда қазақстандық спортшының Олимпиададағы ақтық шығысынан кейін түсірілген бейнеролик жарияланған болатын. Онда Жазира Жаппарқұл өз отбасы мүшелерімен сөйлесіп, тілдесуге Әлфияны шақырады. Спортшы олимпиадалық жүлденің сіңілісіне арналғанын айтқан.

 "Әлфияға беріңізші. Алло, сен жарыстарды көрдің бе? Сен үшін жеңдім ғой! Енді күт мені, үйге барамын, жарай ма?", - дейді бейнероликте Олимпиада жүлдегері. 


Ауыр атлетші бұл сөзіне түсініктеме берді. Ол Әлфия атты 11 жасар қыздың оған немере сіңлісі болып келетінін айтып, жүлделі орын алғаны үшін берілетін сыйақы оны сал ауруынан сауықтыруға  жұмсалатындығы туралы мәлімдеді.

 "Менің немере сіңілім сал ауруына шалдыққан. Оны емдегім келеді. Ол үшін қаражат керек. Сол үшін тырысып бағып жатырмын. Осы мақсатта көп жаттығып, дайындалдым.  Енді алатын сыйақының бәрін оны сауықтыруға жұмсаймын. Ал жүлдемді халқымызға, бүкіл Қазақстанға арнадым", - деді Жазира Жаппарқұл.

 2014 жылдың қарашасында өткен әлем біріншілігінде күміс медаль жеңіп алған спортшы жүлдесін немере сіңілісіне арнағанын айтқан болатын.

Ал биылғы 11 тамызда 69 кг. дейінгі салмақта сайысқан ауыр атлет Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Жарыстардан кейін спортшы додалы жарыстардың жеңімпазы атанбай қалуына жарақаттың себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Жазира Жаппарқұлдың әкесі Today.kz тілшісіне берген сұхбатында спортшының өмірінде отбасының маңыздылығы, сондай-ақ, қызының басқа да, спортқа қатысы жоқ дарындары туралы сыр шерткен болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!