Балалармен тіл табыспаған полицейлер Астана әкімінің сынына ұшырады

Фотография - Балалармен тіл табыспаған полицейлер Астана әкімінің сынына ұшырады

Фото: liter.kz

Исекешев полицейлерді балалармен сыпайы болуға және тіл табыса білуге шақырды.

682 0

 Астана әкімі кәмелетке толмаған балаларды кешкі сағат 23-тен кейін көшеде қосшысыз жүргендері үшін ұстаған қала полицейлеріне ескерту жасады. Қауіпсіздік және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес отырысында Әсет Исекешев оқиға бойынша тексеру жүргізілуін тапсырды,-деп мәлімдейді Today.kz астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

 "Сіздердің кәсіби біліктілігіңіз – тек тапсырманы орындау ғана емес, сонымен бірге сыпайылық пен тіл табыса білу. Әсіресе, балаларға қатысты жағдайларда", - деді Исекешев.

 Естеріңізге саламыз, оқиға 18 маусымның кешінде орын алған: Есіл жағасында тексеріс өткізген полиция қызметкерлері өзен бойында сайран құрып жүрген жасөспірімдерді  ұстап, микроавтобусқа отырғызған.  Кейбір  балалардың туыстары жеткіншектерді алып кетуге талпынған. Алайда, тәртіп сақшылары олардың үәждеріне құлақ аспай, ұсталған балаларды полиция бөліміне апарып тастаған.

Кейінірек қалалық ІІБ «Түнгі қаладағы балалар» шарасы барысында 60 жасөспірімнің ұсталғаны туралы мәлімдеген.

 Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жыл басынан кәмелетке толмағандар 104 қылмыс жасаған. 129 жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Балаларға қарсы 97 қылмыс жасалған: оның ішінде тонау, бопсалау, ұрлық, бұзақылық, қарақшылық, есірткі тарату сынды қылмыстар.

 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына467 бала орналастырылды. Олардың 429 – панасыз, 36 – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!