Зүльфия Габидуллина Whang Youn Dai Achievement Award премиясына ұсынылды

Фотография - Зүльфия Габидуллина Whang Youn Dai Achievement Award премиясына ұсынылды

Ұлттық Параолимпиадалық комитеті баспасөз қызметінің фотосы

Жерлесіміз Параолимпиаданың ең үздік үш спортшысы қатарына енді.

440 0

Рио-де-Жанейрода өткен Параолимпиадалық ойындардың алтын жүлдесін жеңіп, 100 метр қашықтыққа еркін стильмен жүзуден дүниежүзілік рекордты жаңартқан қазақстандық жүзуші Зүлфия Габидуллина жарыстардың ең үздік үш спортшысы қатарына кірді, деп хабарлайды Today.kz ҚР Ұлттық Параолимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиада чемпионы Халықаралық Параолимпиадалық комитет тағайындаған Whang Youn Dai Achievement Award премиясының арнайы номинациясына ұсынылып отыр. Оның қарсыластары – американдық Татьяна МакФаден және бразилиялық Вероника Сильва Хиполито. Жеңімпаз 75-граммдық алтын медальді иеленеді.

 Номинацияға ерлер мен әйелдер арасынан іріктеліп алынған үш-үш ең үздік спортшы қатысады. Whang Youn Dai Achievement Award премиясы әр Параолимпиада сайын қиыншылықтарды жеңу үлгісі мен шеберліктің жоғарғы дәрежесін паш еткен спротшыларға  беріледі.

 Премия иегерінің аты 15 қыркүйек күні аталмақ. Жүлде Рио Параолимпиадалық ойындарының жабылу салтанатында, 18 қыркүйекте тапсырылады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!