Қазақстандық футзалшылар әлем біріншілігіндегі алғашқы жеңісіне жетті

Фотография - Қазақстандық футзалшылар әлем біріншілігіндегі алғашқы жеңісіне жетті

Фото: afrk.kz

Екінші турдағы кездесуін Какау жетекшілігіндегі құрама команда 3:1 есебімен ұтты.

435 0

Футзалдан Қазақстан құрамасы Колумбияда өтіп жатқан әлем біріншілігінің екінші тур ойнында Коста-Риканың командасын ұтып, биылғы чемпионатта өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Кездесу 3:1 есебімен, Какау жетекшілігіндегі құрама команданың жеңісімен аяқталды. Қазақстандықтар ойынның 58 секундында-ақ, Дуглас салған голдан кейін суырылып алға шықты.  Кездесудің 15 минутында костарикандық Алехандро Паньяга ойын есебін теңестірді. Алайда, бір минут өте сала, Павел Таку Қазақстан құрамасын тағы алға шығарды. Екінші таймның басында  айып добын ойынға қосу нәтижесінде Лео Коста-Рика қақпасына үшінші гол салды.

 

 

Осы жеңісінің арқысында Қазақстан құрамасы үш ұпай алып, «Е» тобындағы  екінші орынға көтерілді. Аргентина және Коста-Рика командалары да 3 ұпайдан жинаған. Алайда, Аргентина құрамасының екінші ойыны әлі алда – олар Соломон аралдарының командасымен кездеспек.

 

Чемпионаттың алғашқы кездесуінде Қазақстан құрамасы Аргентина командасынан 0:1 есебімен ұтылған.

 

Топтық кезеңнің соңғы кездесуіне жерлестеріміз 19 қыркүйек күні шығады. Қазақстанның Соломон аралдары құрамасына қарсы ойыны  Астана ақытымен 03:00-де басталады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!