1019

Қазақстандықтар Санкт-Петербургте бокстан ӘЧ іріктеу кезеңінде жеңіске жетуде

Санкт-Петербургте жастар арасында бокстан әлем чемпионаты жалғасуда.
Фотография - Қазақстандықтар Санкт-Петербургте бокстан ӘЧ іріктеу кезеңінде жеңіске жетуде Сурет БФК баспасөз-қызметінен алынды

Санкт-Петербургте жастар арасында бокстан әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан барлық салмақ категориясында ойын көрсететін он спортшымен келді деп хабарлайды, Today.kz Қазақстан бокс федерациясынан сілтеме жасап.

Ресей, Қытай, Өзбекстан сияқты елдердің командаларымен  бірге, Қазақстан осы біріншілік жеңісіне үміткерлер қатарында.

Чемпионаттың екінші күні командалар үшін сәтті болды. Іріктеу кезеңінде шаршы алаңға үш қазақстандық спортшы шығып, бәсекені жеңіспен аяқтады. Жепе-жекте Ілияс Мирхатұлы (64 килограмм) Дат елінен келген Оливер Менгамен кездесті, есеп: 5:0; Садриддин Ахмедов (69 килограмм) ресейлік  Иса Эвлоевпен шығып, есеп: 4:1; Бек Нұрмағанбет (75 килограмм) итальяндық Джерландо Тумминелломен шығып, 5:0 есебімен аяқтады.

Ал Айболды Дәуренұлы түрік спортшысын техикалық накаутпен жеңген болатын.

19 қарашада шаршы алаңға Евгений Павлов (49 килограмм) пен Саматали Толтаев (56 килограмм) шығуға дайындалып жатыр. Боксты Петербургтегі  "Сибур Арена"-дан Kazsport  телеарнасы көрсетеді. Финалдық жекпе-жек 26 қарашада өтеді.