ФИФА нұсқасы бойынша Роналду 2016 жылдың үздік ойыншысы болып танылды

Фотография - ФИФА нұсқасы бойынша Роналду 2016 жылдың үздік ойыншысы болып танылды

Сурет: twitter/@FIFAcom

ФИФА-ның The Best сыйлығына Роналдудан бөлек, Лионель Месси («Барселона») және Антуан Гризманн («Атлетико») үміткер болды.

183 0

«Реалдың» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду, ФИФА нұсқасы бойынша 2016 жылдың үздік ойыншысы болып, Цюрихте өткен салтанатты рәсімде танылды деп, хабарлайды "Чемпионат".

ФИФА-ның The Best сыйлығына Роналдудан бөлек, Лионель Месси («Барселона») және Антуан Гризманн («Атлетико») үміткер болды .

Дауыс беру қорытындысы бойынша, Роналду - 34,4 пайыз, Месси - 26,42 пайыз, Гризманн - 7,53 пайыз дауыс жинады.

Футболшыға сыйлықты ФИФА президенті Джанни Инфантино табыстады.

2016 жылдан бастап, France Football француз басылымы «Алтын доп» сыйлығын табыстауды бастаса, ФИФА өзінің меншікті жүлдесін беріп келеді.

12 желтоқсанда, Роналду 2016 жылдың қорытындысы бойынша, «Алтын доп» сыйлығының төрт дүркін иегері атанды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!