1029

Д. Елеусіновтың әкесі: Кәсіби келісім-шартқа ақпанда қол қоюды жоспарлап отырмыз

Боксшы шаршы алаңға 69 келіден төменгі салмақ дәрежесінде шығуды жоспарлап отыр.
Фотография - Д. Елеусіновтың әкесі: Кәсіби келісім-шартқа ақпанда қол қоюды жоспарлап отырмыз Сурет: instagram/@yeleussinovdaniyar

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың әкесі және жеке бапкері Марат Елеусінов Today.kz тілшісіне спортшының әуесқой бокстан кәсібқой боксқа ауысуы жайында әңгімеледі. Бұл ретте ол, спортшының MJA Entertainment's промоутер компаниясымен келісім-шартқа ақпан айында қол қоюды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Боксшы шаршы алаңға  69 келіден төменгі салмақ дәрежесінде шығуды жоспарлап отыр. 

«Ертеректе Данияр 69 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығатын. Енді ол орташа салмақ дәрежесінен төмен салмақта өнер көрсететін болады. Қазір промоутерлермен нақты мәселелерді талқылап жатырмыз. Сондай-ақ, мен Даниярды жаттықтырамын. Оның тірегі, қолдаушысы боламын»,-деді Марат Елеусінов.

Қазіргі таңда орташа салмақта шаршы алаңға шығушылардың қатарында аты аңызға айналған филипиндік Мэнни Пакьяо және жеңілуді білмейтін американдық Флойд Мейвезер бар.

Рио Олимпиадасындағы «Алтын»

18 тамызда, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында Данияр Елеусінов Қазақстан құрамасына үшінші алтынды әкелді. Финалда 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы Өзбекстан спортшысы Шахрам Гиясовты жеңді.