Талдықорғанда Универсиада-2017 Алау эстафетасы салтанатына 25 мың адам қатысты

Cпорт
1689
Алау спортшылар, бүркітшілер, оқушылар, студенттер, спортсүйер қауымның қатысумен жағылды.

Талдықорғанда Универсиада-2017 Алау эстафетасы салтанатты рәсіміне 25 мың адам қатысты. Алау спортшылар, бүркітшілер, оқушылар, студенттер, спортсүйер қауымның қатысумен жағылды деп, хабарлайды Today.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото -

Универсиада Алауын жағу салтанаты Талдықорғандағы жоғары және арнайы орта білім беру мекемелерінің студенттерінің қатысуымен өткен шерумен басталды. Облыс әкімі Амандық Баталов құттықтау сөз сөйледі.

«2017 жылы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада спорттық шарасы елімізде тұңғыш рет өткелі отыр. Оған Мемлекет басшысының спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде қол жеткіздік. Бұл әрбір қазақстандық үшін маңызы ерекше оқиға болмақ. Алматы облысының осы әлемдік спорттық жарысқа атсалысатыны, өз аумағындағы спорттық нысандарында спортшыларды қабылдайтыны - біз үшін қуанышты жайт», - деді өңір басшысы.

Фото -

Алауды алып жүретін спортшылар қатарында Қазақстан Республикасының бокстан халықаралық санаттағы спорт шебері, Азия және Әлем чемпионы, XVII жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, Рио-де-Жанейрода өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы Жәнібек Әлімханұлы, грек-рим күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, XVII жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем және Азия чемпионы, Рио-де-Жанейрода өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы Нұрмахан Тінәлиев, Қазақстан Республикасының пауэрлифтингтен еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем және Азия чемпионы, Рио-де-Жанейрода өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева, Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан халықаралық санаттағы спорт шебері, Әлемнің екі дүркін чемпионы Ибрагим Берсанов, Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан халықаралық санаттағы спорт шебері, Рио-де-Жанейрода өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Карина Горичева бар. 

Фото -

Қысқы Универсиада-2017

2017 жылғы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. 

Қазақстан Унивесиадаларға 1993 жылдан бастап қатыса бастады.

Қазақстанның 300 спортшыдан тұратын делегациясы Атлетикалық қалашыққа 24 қаңтарда келді.  

25 қаңтарда, 2017 жылы Астанада 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада Алауы тұталып, Алматыға жеткізілді. Алауды шаңғы жарысынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері  Дәулет Рақымбаев әкелді.

Алауды , Универсиаданың ашылу салтанатында алау бір тостағанда біріктірілмек. Универсиада-2017 алауы 22 500-ден астам шақырымға созылған жолды өтеді.

Алматыда алауды 100 адам көтеріп өтеді. 

Серік Сәпиев Атлетикалық қалашықтың әкімі болып тағайындалды.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить