974

Универсиадада қазақстандықтар фристайл-акробатикадан «күміс» пен «қола» алды

Бірінші орынды және алтын медальді қытайлық Чжу Иньинь еншіледі.
Фотография - Универсиадада қазақстандықтар фристайл-акробатикадан «күміс» пен «қола» алды Көрнекі сурет

Алматыдағы Универсиада-2017 әйелдер арасындағы фристайл-акробатикадан суперфинал аяқталды деп, хабарлайды Today.kz республикалық Sports.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Шешуші кезеңде екі қазақстандық: Жанбота Алдабергенова мен Жібек Арапбаева, сондай-ақ, белорустық Вера Ляшкевич пен ҚХР өкілі Чжу Иньинь жүлде үшін таласты.

Финал қорытындысы бойынша, бірінші орынды және алтын медальді қытайлық Чжу Иньинь жеңіп алды. Ал Жанбота Алдабергенова мен Жібек Арапбаева екінші және үшінші орынға табан тіреді.

2. Жібек Арапбаева (Қазақстан) — 60.84
3. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) — 60.48. 

Универсиада-2017 Қазақстанның алғашқы медалі

Алғашқы медальді Анна Шевченко әкелді. Қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы шаңғы спорты бойынша, 5 шақырымға дейінгі жекелей жарысқа қатысып, үшінші орын алып, қола медальді қанжығаға байлады. Күміс жүлдеден оны екі секунд қана бөліп тұрды. 

Қысқы Универсиада-2017

29 қаңтарда, 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ашылуы болды. Студенттік ойындар 28 қаңтарда «Халық Арена» стадионында хоккей жарысы басталды.

Загрузка...