1007

Қазақстан қоржынына бір алтын түсті

Оны биатлоншы Алина Райкова ұтып алды.
Фотография - Қазақстан қоржынына бір алтын түсті Сурет: prosports.kz

Қазақстан Универсиада-2017 алғашқы алтынды жеңіп алды. Биатлоншы Алина Райкова 15 километрге дейінгі жекелей сайыста жеңіске жетті деп, хабарлайды Today.kz.

Спортшы арақашықтықты 59 минут 48.7 секундтта еңсерді. Оның артынша қазақстандық Галина Вишневская (+2:21) күміс медальді қанжығасына байлады. Үшінші орынға украиндық Надя Белкина (+2:23) тұрақтады.

Фото -

Қазақстандық Дарья Усанова (+2:55) төртінші орынға, Елизавета Бельченко (+3:10) бесінші орынға табан тіреді.

Сонымен, Қазақстан қоржынында жеті медаль бар.

Қысқы Универсиада-2017

28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға 1700-ден астам спортшы мен 1 000-ға тарта ресми өкіл қатысады. Жүлде үшін әлемнің 578 университетінің спортшылары сынға түседі.

29 қаңтарда, 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ашылуы болды. Нұрсұлтан Назарбаев универсиаданың ашылу рәсіміне қатысты

Алғашқы медальді Анна Шевченко әкелді. Қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы шаңғы спорты бойынша, 5 шақырымға дейінгі жекелей жарысқа қатысып, үшінші орын алып, қола медальді қанжығаға байлады. Күміс жүлдеден оны екі секунд қана бөліп тұрды. Әйелдер арасындағы фристайл-акробатикадан Жанбота Алдабергенова мен Жібек Арапбаева «күміс» пен «қола» алды. Алматыдағы Универсиада-2017 бірінші күнінің қорытындысы бойынша, Қазақстан медаль саны бойынша, бесінші орынға тұрақтады.

31 қаңтарда, Анна Шевченко әйелдер арасындағы еркін стильде 5 километрге дейінгі із қуып жарысудан екінші медалін алды. Конькимен жүгіру спортынан қола медальді  қазақстандық Екатерина Айдова еншіледі. 

Загрузка...