1165

Қазақстандық фристайлшылар қоржынға тағы да «алтын» салды

Олар екі талпыныстан кейін, 167.05 көрсеткішімен қытайлық спортшыларды басып озды.
Фотография - Қазақстандық фристайлшылар қоржынға тағы да «алтын» салды Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Қазақстанның қос фристайлшылары Бағлан Іңкәрбек пен Жанбота Алдабергенова аралас командалық акробатикадан Универсиада-2017 алтын алды деп, хабарлайды Today.kz.

Олар екі талпыныстан кейін, 167.05 көрсеткішімен қытайлық спортшыларды басып озды.

Қазақстанның өзге фристайлшылары Ақмаржан Қалмұрзаева мен Дархан Мұхаметжанов квалификациия кезеңінде жарыстан шығып қалды.

Қысқы Универсиада-2017

28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға 1700-ден астам спортшы мен 1 000-ға тарта ресми өкіл қатысады. Жүлде үшін әлемнің 578 университетінің спортшылары сынға түседі.

29 қаңтарда, 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ашылуы болды. Нұрсұлтан Назарбаев универсиаданың ашылу рәсіміне қатысты

Алғашқы медальді Анна Шевченко әкелді. Қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы шаңғы спорты бойынша, 5 шақырымға дейінгі жекелей жарысқа қатысып, үшінші орын алып, қола медальді қанжығаға байлады. Күміс жүлдеден оны екі секунд қана бөліп тұрды. Әйелдер арасындағы фристайл-акробатикадан Жанбота Алдабергенова мен Жібек Арапбаева «күміс» пен «қола» алды. Алматыдағы Универсиада-2017 бірінші күнінің қорытындысы бойынша, Қазақстан медаль саны бойынша, бесінші орынға тұрақтады.

31 қаңтарда, Анна Шевченко әйелдер арасындағы еркін стильде 5 километрге дейінгі із қуып жарысудан екінші медальді алды. Конькимен жүгіру спортынан қола медальді  қазақстандық Екатерина Айдова еншіледі.

Ал биатлоншы Алина Райкова 15 километрге дейін жекелей сайыста алтын алса, күміс жүлдені Галина Вишневская қанжығасына байлады.