1573

Галышева мен Рейхерд Универсиада-2017 екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстан қоржынында сегіз медаль бар.
Фотография - Галышева мен Рейхерд Универсиада-2017 екі дүркін чемпионы атанды Сурет: today.kz

Қазақстандық фристайлшылар Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд Универсиада-2017 екі дүркін чемпиондары атанды деп, хабарлайды Today.kz.

Спортшы Юлия Галышева финалда параллельді могул жарысында ресейлік Елизовета Безгодованы 17:8 есебімен басып озды. 

Рейхерд финалда могул жарысында 79.94 ұпаймен алға шықты.

Қысқы Универсиада-2017

2 ақпанда, Юлия Галышева Қазақстанға төртінші алтынды әкелді. Осы күні шаңғышы Дмитрий Рейхерд те қанжығасына алтын байлады. Ертеректе алтынды Иван Люфт, Алина Райкова, қос фристайлшылар Бағлан Іңкәрбек пен Жанбота Алдабергенова, шаңғышы Галина Вишневскаялар еншілеген еді.