1165

Универсиадада Денис Тен Қазақстанға оныншы "алтынды" әкелді

Алматыдағы Унивесиада-2017 мәнерлеп сырғанаудағы еркін бағдарлама бойынша, спортшылардың жарыстағы нәтижелері белгілі болды.
Фотография - Универсиадада Денис Тен Қазақстанға оныншы "алтынды" әкелді Сурет: sports.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Универсиада-2017 чемпиондары мен жүлдегерлері белгілі болды деп, хабарлайды Today.kz.

Еркін бағдарламадан кейін қазақстандық Денис Тен 266,97 ұпай санымен алтын алды. 252,09 ұпаймен екінші орынға Жапонияның спортшысы Кэйдзи Танака ие болса, үшінші қола медальді шведтік Александр Майоров (246,56) еншіледі.

Ал қазақстандық Абзал Рақымғалиев 204,23 ұпаймен 12-ші орынға табан тіреді.

Қысқы Универсиада-2017

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Қазіргі таңда отандық спортшылар он алтын, екі күміс, тоғыз қола медальді еншіледі. Бірінші орында Ресей тұр. Оларда 43 медаль бар. 20 медальмен үшінші орынға Жапония шықты. Үздік бестіктер қатарына Италия мен Польша енді.

Загрузка...