985

Джейкобс Головкинмен болатын жекпе-жек алдында өзінің қосымша уәжін айтты

Жекпе-жек 2017 жылдың 18 наурызында өтеді.
Фотография - Джейкобс Головкинмен болатын жекпе-жек алдында өзінің қосымша уәжін айтты Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

18 наурызда, Нью-Йоркте қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесу өткізетін америкалық боксшы Дэниел Джейкобстың айтуынша, оны тиісті деңгейде бағаламай отыр деп, хабарлайды Today.kz республикалық Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Головкин мені бағаламау арқылы, қателік жіберіп отыр. Мен оны сол үшін де жазалаймын деп ойлаймын. Әрине, Головкин жеңіске әбден лайық, басқаша болуы мүмкін де емес. Бұл қалыпты жағдай. Алайда мені жеңіледі деп бағалауы-міс, маған қосымша күш беріп, ынталандырып отыр. Үнемі жеңілісті білмеген боксшыны жеңу мен үшін теңдессіз жеңіс болар еді»,-деді Джейкобс.

Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2016 жылдың 18 желтоқсанында, орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин, орта салмақтағы америкалық кәсіби боксшы Дэниел Джейкобспен өтетін жұдырықтасудың күнін ресми түрде жариялады.

Головкин 2017 жылдың 3 қаңтар күні, Дэниел Джейкобспен болатын кездесуге дайындалу үшін, Big Bear жаттығу лагеріне келді.

11 қаңтарда, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық және америкалық боксшылар Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс жекпе-жек алдында алғаш рет бір-бірімен жүздесіп, көзбен сес көрсетті.

Боксшының бапкері Абель Санчес: «Джейкобс – қауіпті қарсылас. Сол үшін де, Головкин өте ыждахаттылықпен дайындалып жатыр. Оның жекпе-жегі болмаса да, ол қараша айында лагерге дайындалуға барды, жаңа жылдан кейінгі екінші күні тағы жаттықты. Ол жаттығуды 12 қаңтар күні қайта жалғастырады».

Геннадий Головкин кәсіпқой рингке 36 рет шығып, 36 рет жеңіске жетіп, кездесулердің 33-ін нокаутпен аяқтады.

Америкалық боксшы 32 рет жеңіске жетіп, бір мәрте есе жіберіп алған.