834

Азиада-2017 қазақстандық трамплиннен секіруші Сергей Ткаченко қола жүлде алды

Спортшы қалыпты трамплиннің ұшатын шаңғышылар жарысының жүлдегері атанды.
Фотография - Азиада-2017 қазақстандық трамплиннен секіруші Сергей Ткаченко қола жүлде алды Сурет: sports.kz

Саппорода өтіп жатқан қысқы Азиада-2017 қазақстандық трамплиннен секіруші Сергей Ткаченко Қазақстан қоржынын қола медальмен толықтырды деп, хабарлайды Today.kz Республикалық Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Спортшы қалыпты трамплиннің ұшатын шаңғышылар жарысының жүлдегері атанды.

Жарыста 254.0 ұпаймен жапондық Юкия Сато алтын алса, екінші орынды оның отандасы Юкен Иваса (251.0) иеленсе, үздік үштіктер қатарын Сергей Ткаченко толықтырды.

Қазақстандық Марат Жапаров 198.5 есебімен жетінші орынға, Сабыржан Мұминов және Константин Соколенколар (178.5) тоғызыншы орындарға тұрақтады.

Азиада-2017

19 ақпанда, VIII қысқы Азиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ойында спорттың 11 түрінен 64 медаль сарапқа салынады. Қазақстан спортшылары Азиада ойындарындағы жарыстың барлық түріне қатысады. 20 ақпанда, Елена Коломина отандық құраманың қоржынына алғашқы медальді әкелді. Классикалық стильдегі әйелдер спринт жарысында Коломина күміс жүлдені еншіледі. Сондай-ақ, 21 ақпанда, Коломина еркін жүріс бойынша 10 километрге дейінгі жекелей сайыста қола медальға ие болды. Жарыстың үшінші күні қазақстандық шаңғышы Ринат Мұхин бірінші алтынды қоржынға салды. Ал конькиші Денис Кузин күмісті місе тұтты.

Саппородағы қысқы Азиада-2017 үшінші күнгі қорытындысы бойынша, Қазақстан жалпыкомандалық есепте төртінші орында тұр.

Ертеректе, Саппорода төртінші күн өтіп жатқан Азиада-2017 қазақстандықтар спорттың бес түрінен сынға түсетіндігі хабарланған болатын.

Загрузка...