842

Азиада-2017 биатлоншылар Вишневская мен Райкова алтын мен қоланы еншіледі

Спортшылар 7,5 километрге спринт жарысына қатысты.
Фотография - Азиада-2017 биатлоншылар Вишневская мен Райкова алтын мен қоланы еншіледі Сурет: almaty2017.com

Саппородағы қысқы Азиада-2017 қазақстандық биатлоншылар Галина Вишневская алтын алса, оның отандасы Алина Райкова қоланы еншіледі деп, хабарлайды Today.kz Республикалық Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Спортшылар 7,5 километрге спринт жарысына қатысты.

Жарыста екінші орынға Қытай спортшысы Ян Чжан табан тіреді. Ал қазақстандық биатлоншылар Дарья Усанова және Анна Кистанова төртінші және бесінші орындарға тұрақтады.

Азиада-2017

19 ақпанда, VIII қысқы Азиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ойында спорттың 11 түрінен 64 медаль сарапқа салынады. Қазақстан спортшылары Азиада ойындарындағы жарыстың барлық түріне қатысады. 20 ақпанда, Елена Коломина отандық құраманың қоржынына алғашқы медальді әкелді. Классикалық стильдегі әйелдер спринт жарысында Коломина күміс жүлдені еншіледі. Сондай-ақ, 21 ақпанда, Коломина еркін жүріс бойынша 10 километрге дейінгі жекелей сайыста қола медальға ие болды. Жарыстың үшінші күні қазақстандық шаңғышы Ринат Мұхин бірінші алтынды қоржынға салды. Ал конькиші Денис Кузин күмісті місе тұтты. Жарыстың төртінші күні трамплиннен секіруші Сергей Ткаченко Қазақстан қоржынын қола медальды салды. Қазақстандық шорт-трекшілер Ким Йонг А, Анастасия Крестова, Мәдина Жанбұсинова және Анита Нагайлар қола жүлдеге ие болды.

Конькимен жүгіру спорты бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы із қуып жарысудан Дмитрий Бабенко, Денис Кузин және Федор Мезенцевтер қолаға қол жеткіді.  

Ерлер биатлон спринтінде Ян Савицкий мен Василий Подкорытов бірінші және екінші орындарға тұрақтады. Сондай-ақ, Азиада-2017 қазақстандық шаңғышы Елена Коломина күміске қол жеткізді.

Загрузка...