818

Азиада-2017 биатлоншы Вишневская Қазақстанға тағы бір алтынды әкелді

Спортшы әйелдердің биатлоннан із қуып жарысуында ол бірінші болды.
Фотография - Азиада-2017 биатлоншы Вишневская Қазақстанға тағы бір алтынды әкелді Сурет: almaty2017.com

Саппородағы қысқы Азиада-2017 қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская алтынды қанжығасына байлады деп, хабарлайды Today.kz Республикалық Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Спортшы із қуып жарысудан бірінші болды.

Екінші орынды қытайлық Ян Чжан алса, қолаға Қазақстан спортшысы Дарья Усанова қол жеткізді.

Сонымен Азиада-2017 Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар.

Азиада-2017

19 ақпанда, VIII қысқы Азиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ойында спорттың 11 түрінен 64 медаль сарапқа салынады. Қазақстан спортшылары Азиада ойындарындағы жарыстың барлық түріне қатысады. 20 ақпанда, Елена Коломина отандық құраманың қоржынына алғашқы медальді әкелді. Классикалық стильдегі әйелдер спринт жарысында Коломина күміс жүлдені еншіледі. Сондай-ақ, 21 ақпанда, Коломина еркін жүріс бойынша 10 километрге дейінгі жекелей сайыста қола медальға ие болды. Жарыстың үшінші күні қазақстандық шаңғышы Ринат Мұхин бірінші алтынды қоржынға салды. Ал конькиші Денис Кузин күмісті місе тұтты. Жарыстың төртінші күні трамплиннен секіруші Сергей Ткаченко Қазақстан қоржынын қола медальды салды. Қазақстандық шорт-трекшілер Ким Йонг А, Анастасия Крестова, Мәдина Жанбұсинова және Анита Нагайлар қола жүлдеге ие болды.

Конькимен жүгіру спорты бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы із қуып жарысудан Дмитрий Бабенко, Денис Кузин және Федор Мезенцевтер қолаға қол жеткіді.  

Ерлер биатлон спринтінде Ян Савицкий мен Василий Подкорытов бірінші және екінші орындарға тұрақтады. Сондай-ақ, Азиада-2017 қазақстандық шаңғышы Елена Коломина күміске қол жеткізді.

23 ақпанда, биатлоншылар Галина Вишневская мен Алина Райкова алтын және күміс медальдарды еншіледі.

24 ақпанда, биатлоншы Ян Савицкий күміске қол жеткізді.