Джейкобспен болатын жекпе-жек менің болашағым үшін қауіпті - Головкин

Cпорт
1616
Головкиннің айтуынша, осыған дейін кездескен өзге боксшыларға қарағанда Джейкобс - өте мықты және күшті.

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Los Angeles Times журналистеріне берген сұхбатында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен болатын жекпе-жектің қауіпті, әрі маңызды екендігін айтты деп, хабарлайды Today.kz Республикалық Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Джейкобс – өте мықты қарсылас. Бұл екі чемпионның арасында болатын маңызды жекпе-жек. Ол қатардағы боксшы емес. Оның әуесқой бокстағы мансабы жоғары болатын. Оның соңғы жұдырықтасулары мықты жігіттермен болған. Менде бір түрлі жайлылық пайда болғанымен, бұл кездесуден 100 пайыз қысымдықты сезінемін. Бұл мен үшін өте маңызды адамға қарсы, маңызды кездесу. Менің мансабымдағы үлкен қадам. Келесі менің қадамым бұдан да маңыздырақ болады. Біз тарих үшін күресеміз»,-деп пікірімен бөлісті боксшы.

Головкиннің айтуынша, осыған дейін кездескен өзге боксшыларға қарағанда Джейкобс - өте мықты және күшті.

«Менің қарсыластарымның ішіндегі өте қауіптісі. Бұл бокс үшін де, менің мансабым үшін де қауіпті»,-деп ағынан жарылды спортшы.

Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2016 жылдың 18 желтоқсанында, орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин, орта салмақтағы америкалық кәсіби боксшы Дэниел Джейкобспен өтетін жұдырықтасудың күнін ресми түрде жариялады.

Головкин 2017 жылдың 3 қаңтар күні, Дэниел Джейкобспен болатын кездесуге дайындалу үшін, Big Bear жаттығу лагеріне келді.

11 қаңтарда, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық және америкалық боксшылар Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс жекпе-жек алдында алғаш рет бір-бірімен жүздесіп, көзбен сес көрсетті.

Боксшының бапкері Абель Санчес: «Джейкобс – қауіпті қарсылас. Сол үшін де, Головкин өте ыждахаттылықпен дайындалып жатыр. Оның жекпе-жегі болмаса да, ол қараша айында лагерге дайындалуға барды, жаңа жылдан кейінгі екінші күні тағы жаттықты. Ол жаттығуды 12 қаңтар күні қайта жалғастырады».

Геннадий Головкин кәсіпқой рингке 36 рет шығып, 36 рет жеңіске жетіп, кездесулердің 33-ін нокаутпен аяқтады.

Америкалық боксшы 32 рет жеңіске жетіп, бір мәрте есе жіберіп алған.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить