920

Головкиннің бапкері: Джейкобспен өтетін жекпе-жек тамаша шахмат партиясы болады

Абель Санчестің айтуынша, бұл жұдырықтасу бәрінің есінде қалатындай жоғары деңгейде өтеді немесе жалықтырып жіберетіндей қызықсыз болады.
Фотография - Головкиннің бапкері: Джейкобспен өтетін жекпе-жек тамаша шахмат партиясы болады Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен болатын кездесу қарсаңында телефон байланысы арқылы өткізілген мәслихат барысында журналистер сұрағына жауап берді деп, хабарлайды Today.kz республикалық  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әрбір боксшы психологиялық кезеңнен өтуі  керек. Сонымен, Дэннимен болатын кездесу осының айғағы болып отыр. Бұл жекпе-жек тамаша шахмат партиясы болады. Кімнің ынта-ықыласының жоғары екендігін көреміз»,-деді Абель Санчес.

Бапкердің айтуынша, бұл жұдырықтасу бәрінің есінде қалатындай жоғары деңгейде өтеді немесе жалықтырып жіберетіндей қызықсыз болады.

Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2016 жылдың 18 желтоқсанында, орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин, орта салмақтағы америкалық кәсібқой боксшы Дэниел Джейкобспен өтетін жұдырықтасудың күнін ресми түрде жариялады.

Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында 18 наурызда өтеді.

Головкин 2017 жылдың 3 қаңтар күні, Дэниел Джейкобспен болатын кездесуге дайындалу үшін, Big Bear жаттығу лагеріне келді.

11 қаңтарда, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық және америкалық боксшылар Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс жекпе-жек алдында алғаш рет бір-бірімен жүздесіп, көзбен сес көрсетті.

Боксшының бапкері Абель Санчес: «Джейкобс – қауіпті қарсылас. Сол үшін де, Головкин өте ыждахаттылықпен дайындалып жатыр. Оның жекпе-жегі болмаса да, ол қараша айында лагерге дайындалуға барды, жаңа жылдан кейінгі екінші күні тағы жаттықты. Ол жаттығуды 12 қаңтар күні қайта жалғастырады».

Геннадий Головкин кәсіпқой рингке 36 рет шығып, 36 рет жеңіске жетіп, кездесулердің 33-ін нокаутпен аяқтады.

Америкалық боксшы 32 рет жеңіске жетіп, бір мәрте есе жіберіп алған.

Қазақстанда жекпе-жекті «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары көрсететін болады.