1002

Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкинді «рақымшылық нокаутына» жібереді

Джейкобстың бапкерінің айтуынша, олар өздерінің жеңісіне сенімді.
Фотография - Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкинді «рақымшылық нокаутына» жібереді Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобстың бапкері Андре Розье қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен алдағы болатын жекпе-жекке қатысты жоспарларымен бөлісті деп, хабарлайды Today.kz АҚШ-тың Boxingnewsonline.net басылымына сілтеме жасап.

«Головкинге Джейкобстың күшінен қорқуы керек. Олардың нокауттарының пайызы шамалас. Бірақ, Дэннидің аяғының жұмысы анағұрлым жылдам және жақсы. Біз Головкиннің жұдырықтарынан қаймығып тұрғанымыз жоқ. Головкинді үсті-үстінен, оның соққыларын күтпестен төпелейміз. Менің жекпе-жекке деген болжамым бойынша, біз төрешінің шешімімен жеңіске жетеміз. Егер біз Головкинге жеткілікті соққы беретін болсақ, Вирджил Хантер айтпақшы «рақымшылық нокауты» болады. Бұл дегеніңіз – боксшының соққының астында қалуы. Оны тек төреші ғана тоқтата алады»,-деді Розье.

Джейкобстың бапкерінің айтуынша, олар өздерінің жеңісіне сенімді.

Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2016 жылдың 18 желтоқсанында, орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин, орта салмақтағы америкалық кәсібқой боксшы Дэниел Джейкобспен өтетін жұдырықтасудың күнін ресми түрде жариялады.

Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында 18 наурызда өтеді.

Головкин 2017 жылдың 3 қаңтар күні, Дэниел Джейкобспен болатын кездесуге дайындалу үшін, Big Bear жаттығу лагеріне келді.

11 қаңтарда, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық және америкалық боксшылар Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс жекпе-жек алдында алғаш рет бір-бірімен жүздесіп, көзбен сес көрсетті.

34 жасар Геннадий Головкин кәсіпқой рингке 36 рет шығып, 36 рет жеңіске жетіп, кездесулердің 33-ін нокаутпен аяқтаған.

29 жасар америкалық боксшы 32 рет жеңіске жетіп, 29-ы нокаут болса, оның біреуінде есе жіберіп алған.

Қазақстанда жекпе-жекті «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары көрсететін болады.