965

Букмекерлік кеңселер Головкиннің жеңіске жету коэффициентін азайтты

Геннадий Головкиннің жеңісіне 1,10 коэффициенті ұсынылды.
Фотография - Букмекерлік кеңселер Головкиннің жеңіске жету коэффициентін азайтты Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Букмекерлік кеңселер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің америкалық боксшы Дэниэл Джейкобсты жеңетініне шүбә келтірмейді деп, хабарлайды Today.kz Республикалық Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурыздың бірінші күндері букмекерлер келесі коэффициенттерді ұсынды: Головкиннің жеңісіне — 1,32, Джейкобстың жеңісіне — 3,50.

Алайда, жекпе-жектің күні жақындаған сайын, GGG жеңісіне деген сенімділік артуда (мәселен, William Hill мәліметі бойынша) Головкин жеңісі үшін — 1,10, Джейкобс жеңісі үшін — 6,50.

Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2016 жылдың 18 желтоқсанында, орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин, орта салмақтағы америкалық кәсібқой боксшы Дэниел Джейкобспен өтетін жұдырықтасудың күнін ресми түрде жариялады.

Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында 18 наурызда өтеді.

Головкин 2017 жылдың 3 қаңтар күні, Дэниел Джейкобспен болатын кездесуге дайындалу үшін, Big Bear жаттығу лагеріне келді.

11 қаңтарда, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық және америкалық боксшылар Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс жекпе-жек алдында алғаш рет бір-бірімен жүздесіп, көзбен сес көрсетті.

34 жасар Геннадий Головкин кәсіпқой рингке 36 рет шығып, 36 рет жеңіске жетіп, кездесулердің 33-ін нокаутпен аяқтаған.

29 жасар америкалық боксшы 32 рет жеңіске жетіп, 29-ы нокаут болса, оның біреуінде есе жіберіп алған.

Қазақстанда жекпе-жекті «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары көрсететін болады.