908

Головкин мен Джейкобс жекпе-жекке бір апта қалғанда салмақтарын өлшеді

Геннадий Головкиннің салмағы 73,5 келіні, ал Дэниэл Джейкобстың салмағы - 76,1 келіні құрады.
Фотография - Головкин мен Джейкобс жекпе-жекке бір апта қалғанда салмақтарын өлшеді Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Boxingscene.com-ға берген сұхбатында өзінің қамқорлығындағы спортшының, сондай-ақ оның қарсыласы - америкалық Дэниэл Джейкобстың салмағын айтып берді, деп хабарлайды Today.kz  Республикалық  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жекке бір жеті қалғанда Головкиннің салмағы 162 фунтты немесе 73,5 келіні, америкалықтың салмағы 167,8 фунтты немесе 76,1 келіні  құрайды.

Еске салайық, айқасқа 30 күн қалғанға дейін GGG - 165,1 фунт, Джейкобс 174,8 фунт болатын.

Өткен жылдың қыркүйек айында Келл Брукпен жекпе-жекке 7 күн қалғанда Головкиннің салмағы 162,9 фунтты құраған болатын.  

Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2016 жылдың 18 желтоқсанында, орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин, орта салмақтағы америкалық кәсібқой боксшы Дэниел Джейкобспен өтетін жұдырықтасудың күнін ресми түрде жариялады.

Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында 18 наурызда өтеді.

Головкин 2017 жылдың 3 қаңтар күні, Дэниел Джейкобспен болатын кездесуге дайындалу үшін, Big Bear жаттығу лагеріне келді.

11 қаңтарда, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық және америкалық боксшылар Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс жекпе-жек алдында алғаш рет бір-бірімен жүздесіп, көзбен сес көрсетті.

34 жасар Геннадий Головкин кәсіпқой рингке 36 рет шығып, 36 рет жеңіске жетіп, кездесулердің 33-ін нокаутпен аяқтаған.

29 жасар америкалық боксшы 32 рет жеңіске жетіп, 29-ы нокаут болса, оның біреуінде есе жіберіп алған.

Қазақстанда жекпе-жекті «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары көрсететін болады.