1012

Головкин мен Джейкобс жекпе-жегінің нақты PPV-сатылым табысы белгілі болды

Бұған дейін Головкиннің промоутері Том Леффлер, Джейкобспен болған жекпе-жектің билеттері Лемьеге қарағанда жақсы сатылғанын айтқан еді.
Фотография - Головкин мен Джейкобс жекпе-жегінің нақты PPV-сатылым табысы белгілі болды Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Головкин мен Джейкобс жекпе-жегінің PPV-сатылымы мен кассадан түскен табысы 15 миллион долларды құрап отыр деп, хабарлайды Today.kz Республикалық  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер, Джейкобспен болған жекпе-жектің билеттері Лемьеге қарағанда жақсы сатылғанын айтқан еді. Нью-Йоркте өткен Madison Square Garden аренасында болған бокстың ұйымдастырушылары кассадан 3,7 миллион доллар табыс тапқан.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 19 наурызда, Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі өткен еді. Қазақстандық боксшы америкалықты жеңіп, өзінің атақтарын қорғап қалды. Сарапшылардың айтуынша, Джейкобс пен Головкин тамаша, әрі күрделі жекпе-жек көрсетті.