711

Астана 2018 жылғы ҚХЛ жұлдыздарының аптасын өткізу құқығына ие болды

Алғаш рет елордалық «Барыс» хоккей клубына ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко ат басын бұрды.
Фотография - Астана 2018 жылғы ҚХЛ жұлдыздарының аптасын өткізу құқығына ие болды Көрнекі сурет

Астанада Құрлықтық хоккей лигасы мен елордалық «Барыс» хоккей клубы арасында Астанада Хоккей жұлдыздарының аптасы 2018 шарасын өткізу туралы келісімге қол қойылды деп, хабарлайды Today.kz Республикалық  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғаш рет елордалық «Барыс» хоккей клубына  ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко ат басын бұрды. Салтанатты рәсімге ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко және Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты.

Басылым ақпараты бойынша, Астана 2018 жылы Хоккей жұлдыздарының аптасын өткізеді.

Шараны өткізудің нақты күні әлі айтылған жоқ. Осыдан бір жыл бұрын Хоккей жұлдыздарының аптасы Уфа қаласында 21-ші мамыра өткен еді.