1672

Көріпкел әйел Головкин мен Альварестің жекпе-жегіне сәуегейлік жасады

Бір қызығы, мексикалық көріпкел Мони Видентенің Твиттерде «Канело» -ға қарағанда 1,35 миллион оқырманы бар.
Фотография - Көріпкел әйел Головкин мен Альварестің жекпе-жегіне сәуегейлік жасады Мони Виденте. Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Мексикалық көріпкел Мони Виденте Головкин мен Альварестің жекпе-жегіне сәуегейлік жасады. Бар ғұмырын ол өз еліндегі шоу-бизнес өкілдерінің, саясаткерлер мен танымал адамдардың өміріне сәуегейлік жасауға арнап келеді деп, хабарлайды Today.kz Республикалық Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«GGG — өте мықты қарсылас. «Канело» өте сақ болуға тиіс. Ол сенің әрбір қимылыңды бағып, сосын барып өзінің қатерлі қаруын саған қарай тастайды. «Канело» 11-ші раундты жеңіп, қорытындысында бірауыздан төрешілердің шешімімен жеңіске жетеді»,-деп келтірді Видентенің сөзін Latintimes.com сайты.

Бір қызығы, мексикалық көріпкел Мони Видентенің Твиттерде «Канело» -ға қарағанда 1,35 миллион оқырманы бар.