774

WBC: Головкин — Альварес жекпе-жегін бүкіл әлем көргісі келеді

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман рематч жайлы пікір айтты.
Фотография - WBC: Головкин — Альварес жекпе-жегін бүкіл әлем көргісі келеді Сурет ашық дереккөзден алынды

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы рематчқа не үшін рұқсат берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Today.kz  Sports.kz басылымына сілтеме жасап. 

"Головкин — Альварес жекпе-жегін бүкіл әлем көргісі келеді, боксшылардың да қалауы осы: бұл туралы өздері БАҚ беттеріне бірнеше рет мәлімдеме жасады. Сондықтан біз рематч жасауды ұйғардық, әлемге өздері сұраған жекпе-жекті береміз", — деді Сулейман. 

WBC Головкин — Альварес реваншына рұқсат берген соң, GGG промоутері Том Леффлер жекпе-жек келесі жылдың 5 мамырында болуы мүмкін екенін айтқан болатын.