1394

Айсұлтан Назарбаев ҚФФ-дағы қызметінен кетті

Бұл туралы Федерация сайты мәлімдеді.
Фотография - Айсұлтан Назарбаев ҚФФ-дағы қызметінен кетті Сурет: today.kz

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол Федерациясындағы қызметінен кетті. Бұл туралы ҚФФ сайтында айтылды, деп хабарлайды Today.kz.

"Айсұлтан Назарбаев "Қазақстан футбол Федерациясы Ассоциациясы" ЗТБ вице-президент міндетін атқарушы лауазымынан өз өтініші бойынша босатылды", - делінген хабарламада. 

Естеріңізге салайық, 2017 жылдың 28 ақпанында Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол Федерациясының вице- президенті міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.