1207

Головкин табысты боксшылардың P4P рейтингінде екінші орынға түсіп қалды

Үздік он боксшының ішінде Головкин екінші орында.
Фотография - Головкин табысты боксшылардың P4P рейтингінде екінші орынға түсіп қалды Сурет: inosmi.ru

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Elite Sports NY нұсқасы бойынша Pound-For-Pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде ең табысты боксшылар тізімінде екінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Today.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бірінші орынға Теренс Кроуфорд көтерілді, ал қазақстандық боксшының басты қарсыласы Сауль "Канело" Альварес үшінші орынға табан тіреді. Толық тізім төмендегідей, 

1. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО).
2. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО).
3. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО).
4. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО).
5. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО).
6. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО).
7. Майки Гарсия (37-0, 30 КО).
8. Кит Турман (28-0, 22 КО).
9. Эррол Спенс (22-0, 19 КО).
10. Дэнни Гарсия (33-1, 19 КО).