1196

Жарақат алып қалған Денис Тен қалай жаттығып жүргенін көрсетті

Ол Олимпиада ойындары-2018 сайысына дайындалып жатыр.
Фотография - Жарақат алып қалған Денис Тен қалай жаттығып жүргенін көрсетті

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Инстаграмдағы жеке парақшасына жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Today.kz. Видеодан жарақат алып қалған спортшының қалай дайындалып жүргені көрінеді. 

Видеоның астына ауырып жүргенін жазбаған спортшы жаттығуда жақсы нәтиже көрсетпейінше тынбайтынын білдірген. 

Мәнерлеп сырғанаушының жанкүйерлері оны қолдап, пікір қалдырған. 

"Әр күн – жаңа текетірес. Кей кездері мұз айдынында аяғым бағынбайды, бірақ бұл залдағы жаттығуыма кедергі бола алмайды. Тобықтың тұрақтылығы мен байланысын қалпына келтіру оңай жұмыс емес. Сонда да қалпыма келіп, жаңа күш жинап жатқанда мен 2018 жылдың ақпанында толық дайын боламын деп үміттенемін", - деп жазды спортшы. 

Денис Тен Хельсинкидегі әлем чемпионаты- 2017 жарысында жарақат алып қалған еді. ОО-2018-ге жолдама алу үшін спортшы жарыстан шықпаған. Нәтижесінде 16-орын алып, Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындары-2018-ге жолдама алған. Ол Олимпиадаға қатысатынын Алматы тұрғындары мен жас спортшыларға өткізген шеберлік сабағында растады.