599

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ спорт саласына қаржы бөлуді жалғастырады

5 миллиард теңге көлеміндегі алғашқы транш осы жылдың 13 ақпанында жасалды.
Фотография - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ спорт саласына қаржы бөлуді жалғастырады Көрнекі сурет

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ спорт саласына қаржы бөлуді жалғастырады, деп хабарлайды Today.kz"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментіне сілтеме жасап. 

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры" корпоративтік қоры арсында жасалған үшжақты келісім шеңберінде 5 миллиард теңге көлеміндегі алғашқы транш осы жылдың 13 ақпанында жасалды. Аталған құжатқа сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамынан бөлінген қаражаттың Корпоративтік қор тарапынан мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге жауапты.

Келесі транш Корпоративтік қордың алдын ала өтінімі бойынша әр тоқсан сайын жасалатын болады.

Осылайша, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамы ҚР-ның спорттағы жоғары жетістіктері мен ұлттық спорт түрлерін қаржыландыруды тоқтатқан жоқ.