1588

Бүгін Бекзат Саттарханов тірі болғанда 38 жасқа толар еді

4 сәуір – жол апатынан қайтыс болған боксшы Бекзат Саттархановтың туған күні.
Фотография - Бүгін Бекзат Саттарханов тірі болғанда 38 жасқа толар еді Сурет ашық дереккөзден алынды

Бүгін 2000 жылы Сиднейде өткен жазғы Олимпиада ойындарының бокстан жеңімпазы Бекзат Саттархановтың туған күні. Боксшы тірі болғанда бүгін 38 жасқа толар еді, деп хабарлайды Today.kz.

Бекзат Саттарханов – 1980 жылы Түркістанда дүниеге келіп, сол жердегі Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алған.

Саттарханов бокстағы жолын 1998 жылы бастап, 2000 жылға дейін бірнеше халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды.

Оның өміріндегі басты жеңісі – Сиднейде алған алтын медалі болды.

Жартылай жеңіл 57 килограмм салмақта АҚШ боксшысы Рикардо Хуареспен қолғап түйістіріп, 22:14 есебімен алтынға ие болған еді.

Бекзат Саттарханов 2000 жылдың соңғы күнінде өз көлігімен Түркістаннан Шымкент қаласына бара жатқанда көлік апатынан қайтыс болды.

Қазір боксшы атында Алматыда бокс клубы бар. Ал Кентаудағы спорт мектебіне Бекзат Саттархановтың есімі берілген.


Загрузка...