801

Головкин мен Мартиросян жекпе-жегіне шыққан күні-ақ 4000 билет сатылып кетті

Билет құны 50 доллардан (16 400 теңге) басталады.
Фотография - Головкин мен Мартиросян жекпе-жегіне шыққан күні-ақ 4000 билет сатылып кетті Сурет: today.kz

5 мамырда өтетін Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян арасында болатын жекпе-жектің билеттері шыққан күні-ақ қарқынды түрде сатылып жатыр, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкиннің промоутері Том Леффлердің сөзінше, билеттердің құны 50 доллардан (16 400 теңге) бастап 700 долларға (229 600 теңге) дейін. Қазірдің өзінде 4329 билет сатылып кеткен. 

Естеріңізге салайық, жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатындағы StubHub Center аренасында өтеді.